Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылбойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылбойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

2022 жыл бойынша Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторлары 118 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында 16,6 млрд. теңге сомасына бюджет заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар-2,4 млрд. теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-14,2 млрд. теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 11,2 млн. теңге қалпына келтірілді және өтелді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 81 нұсқама жолданды, олар толық көлемде орындалды, сондай-ақ бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсынымдар берілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 34,3 млн. теңге сомасына 85 лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бюджетке 28,4 млн. теңге өндірілді.

Бұдан басқа, жалпы сомасы – 1,6 млрд. теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері бойынша 12,3 млрд. теңге сомасына бұзушылықтар анықталды және бұзушылықтарды жоюға 884 хабарлама жіберілді, олар толық көлемде орындалды.

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті