Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлық қызметінің 2022 жылғы қорытындысы

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлық қызметінің 2022 жылғы қорытындысы

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық қызметті іске асыру шеңберінде (сәйкестік аудиті бөлімі) 2022 жылдың 12 айында 85 аудиторлық іс-шара өткізді, аудитпен жалпы сомасы 32 947,75  млн. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 30 533,39 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 1 166,88 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

- 29 366,5 млн. теңге сомасына 323 бұзушылық мөлшерінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде:

- 2 481,7 млн. теңге, сомасына ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу, оның ішінде:

- 561,84 млн. теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер ететін;

- 264,09 млн.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер етпейтін.

Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан барлығы – 1 166,88 млн. теңге қалпына келтіруге, есепке алу бойынша көрсетуге және бюджетке өтеуге жатады, оның ішінде 985,97 млн. теңге немесе 84,5% сомаға бұзушылықтар жойылды, оның ішінде:

- 374,65 млн. теңге өтелуге жатады, оның ішінде 207,14 млн. теңге немесе 55,3 % өтелді;

- 792,23 млн. теңге қалпына келтіруге жатады, оның ішінде қалпына келтірілді 762,38 млн.теңге немесе 96,2%.

Есепті кезеңдегі аудиторлық іс – шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілеріне белгіленген бұзушылықтарды жоюға 69 нұсқама жіберілді, оның ішінде толық көлемде – 52 нұсқама орындалды.

Бұдан басқа, қаржылық бақылаудың ден қою шараларын іске асыру мақсатында жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 90 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды және 1 лауазымды тұлға беделін түсіретін негіздер бойынша жұмыс орнынан босатылды.

Сонымен қатар, қаржылық бақылауға ден қою шараларын қабылдау мақсатында жалпы сомасы 696,6 мың теңгеге 9 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар толық көлемде өтелді.