«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы және Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында іс-шаралардың іске асырылуын тексеру нәтижелері

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы және Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында іс-шаралардың іске асырылуын тексеру нәтижелері

ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы және Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ және «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де 2019-2022 жылдар кезеңінде ҚР Бюджет және өзге де заңнамаларын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралар өткізді.

Өткізілген аудиторлық іс-шаралар барысында жалпы сомасы 20 411,7 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

– 502,6 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіруге – 200,2 млн. теңге (аудит барысында 20,3 млн. теңге қалпына келтірілді), бюджетке өтеуге – 302,4 млн. теңге (аудит барысында бюджетке 6,1 млн. теңге өтелді);

- жалпы сомасы 19 909,1 млн. теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы көлемінен нақты аяқталмаған құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және орындалмаған жұмыс көлемі үшін мердігер ұйымдардың пайдасына төлемдер жүргізу негізгі бұзушылықтар болып табылады.

Мәселен, «ШҚО Көкпекті ауданының Белое ауылында су құбыры желілерінің құрылысы», «ШҚО Көкпекті ауданының Құлынжон ауылында су құбыры желілерінің құрылысы» объектілерін пайдалануға қабылдау айғақ мысалдардың бірі болып табылады, олар іс жүзінде жұмыс істемейді және мердігер ұйымның өз шарттық міндеттемелерін орындамауы себебінен бұл объектілер бойынша жұмыстар аяқталмаған. Көрсетілген құрылыс объектілері бойынша алдын ала есептеулерге сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы 94,0 млн.теңгеден асты.

Қазіргі уақытта материалдарды іске асыру бойынша жұмыстар одан әрі қаржылық бақылауға ден қою шараларын қабылдай отырып жүргізілуде.

 

ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті