Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 9 айында жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысы туралы

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен  2022 жылдың 9 айында  жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысы туралы

          Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті            2022 жылдың 9 айында  86 аудиторлық  іс –шара жүргізді.  

Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында 72 715,5 млн.теңге қамтылып, жалпы сомасы 17 033,8  млн.теңгенің бюджет заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы  14 521,4 млн.теңге  және қаржылық бұзушылықтар сомасы 2 512,4  млн.теңге, алынған  шаралармен 2 275,6 млн.теңгесі  қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды. 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 295 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 15,4 млн.теңгеге айыппұл салынып, толықтай   бюджетке  өндірілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 85 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 2-еуі атқарып отырған қызметінен босатылды.

          Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаумен 11692 рәсімдер қамтылып, 1340 мемлекеттік сатып алулар бойынша жалпы сомасы 33 816,7 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды, олардың нәтижесімен жіберілген  хабарламалар  толықтай орындалды.

        Департаментке 903 өтініш  түсті, Заңда көзделген мерзімде  қаралып,  өтініш берушілерге жауаптары берілді.