Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелеріндегі қаржылық бұзушылықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелеріндегі қаржылық бұзушылықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстың 9 білім беру мекемесінде 2019 – 2021 жылдары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп, көрсетілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша ақтау құжаттарын ұсынбай (анықтамалар, өтініштер және т.б.) болмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін ақы төлеу, балалар шығарылғаннан кейін оларға ақы төлеу, мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен негізгі құралдарды сатып алу,  мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне жалақыны негізсіз төлеу бөлігінде және іссапар шығындарын төлеу бойынша жалпы сомасы 29 754,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды.

         Сонымен қатар, 3 468 054,5 мың тенге сомада рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

         Қабылданған шаралармен бюджет кірісіне 7 104,5 мың теңге өтелді, 2 236,7 мың теңге қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта аудит объектілері тиісті бюджет кірісіне қаражатты толық өтеу бойынша жұмыс жүргізуде.