ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2022 жылдың 1 жарты жылдығындағы камералдық бақылау қорытындысы

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2022 жылдың 1 жарты жылдығындағы камералдық бақылау қорытындысы

"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына сәйкес Комитет және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ камералдық бақылау жүргізеді.


Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.


2022 жылдың бірінші жартыжылдығында камералдық бақылау шеңберінде 327,6 мың сатып алудың 6,5 трлн теңге сомасына 314 мың сатып алу қамтылды, бұзушылықтар үлесі 6,1% немесе 742,1 млрд.теңге сомасына 19 224 бұзушылық.
Бүгінгі күні 19 224 хабарламаның 18 925-і орындалды (98,4%).