Камералдық бақылау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Камералдық бақылау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2022 жылғы 28 сәуірде "камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің № 454 бұйрығына қол қойылды (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27837 болып тіркелді).

Енгізілген түзетулердің негізгі жаңалықтары:

- ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының жауапкершілігін күшейту;

- камералдық бақылау сапасына бақылау жүргізу тәсілі қайта қаралды және оның рөлі күшейтілді (аумақтық бөлімшелердің сапаны бақылау қорытындыларын орындаудың міндетті тәртібі енгізілді, лот сомасы бойынша шектеу алынып тасталды, осылайша төртінші бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу әлеуетті өнім берушілердің шағымдары негізінде ғана жүзеге асырылатын болады);

- білім беру ұйымдарында тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алуға, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуға және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға камералдық бақылау енгізілді;

-қозғалтқышының көлемі 2000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдерді, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден тыс шығарылатын арнайы және жеңіл автомобильдерді және кеңсе жиһаздарын сатып алған жағдайда шаралар қабылдау үшін камералдық бақылау тәуекелдерінің бейіні қосылды;

- тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу құжаттамасында ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеген жағдайда шаралар қабылдау үшін камералдық бақылау тәуекелдерінің бейіні қосылды.