Мүгедектер ұйымдары арасындағы сатып алулар туралы

Мүгедектер ұйымдары арасындағы сатып алулар туралы

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар жоспардың кем дегенде 50% көлемінде тауарды мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алуға міндетті. Бұл тауарлардың тізбесін Үкімет бекіткен.

Мүгедектер ұйымдары арасындағы сатып алуларға тек мүгедектер ұйымдары және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар ғана қатыса алады. Яғни, мұндай байқаулардың жеңімпаздары бәсекелестік негізде анықталады.

Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіптің жергілікті өндірушілерін қолдау мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап мұндай тауарларды тек солардан сатып алу міндеттелді.

Бұл шешім мемлекеттік сатып алуда импорттық жеңіл өнеркәсіп тауарларын жеткізуді шектейді.

Өз кезегінде, отандық тауар өндіруші мәртебесі Өнеркәсіптік сертификатпен және «CT-KZ» тауардың шығу тегі туралы сертификатымен расталады.

Бұл сертификаттарды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы береді.

Алайда, қазіргі таңда отандық тауардың шығу тегін растайтын басқа тетіктер жоқ.