Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілігін депозитарийге беру тәртібі талаптарының сақталуы

Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілігін депозитарийге беру тәртібі талаптарының сақталуы

 Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес,  жария мүдделі ұйымдар – қаржы ұйымдары, шаруашылық серіктестік нысанында құрылған, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы «Қаржылық есептілікті депозитарийгеберу қағидаларын бекіту туралы» №1173 қаулысы талаптарына сәйкес, қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидалары жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне беру тәртібін айқындайды.

        Депозитарий – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.

Мұндай мәліметтерге қолжетімділік бүкіл еліміздің экономикасының  айқындығы мен транспаренттілігіне  ықпал етеді.

Ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға (бұдан әрі - Уәкілетті ұйым) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді. Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Жоғарыда аталған талаптарды сақтамау, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 239 және 250 бабымен қаралған әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соқтырады.

            Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2021 жылдың 10 қыркүйегіндегі №КВГА-02-КВ/4181 хатымен жіберілген тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің тізіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі - "Кодекс") 239, 250 бабтары бойынша қаржылық есептілік депозитарий құрылтайшыларына қаржылық есептiлiктi белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау, аудит өткізуден жалтару не оны жүргізуге кедергі келтіру жөніндегі барлық ЖМҰ бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

            17 -і кәсіпорында Кодекстің 239-бабы бойынша (қаржылық есептiлiктi белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау) 8- ЖМҰ-на жалпы сомасы 1458,5 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, оның ішінде 1166,8 мың теңге айыппұл бюджетке өндірілді, қалдығы бойынша 291,7 мың теңге мәжбүрлеп төлету үшін жеке сот орындаушыларын жіберілген. 2- ЖМҰ-ы банкрот деп танылып, 3- ЖМҰ-ы емес орналасқан орны анықталмағандықтан тартылмады, 4-ЖМҰ-ы жойылған/әрекетсіз деп танылған.

         Кодексінің 250-бабы бойынша (аудит өткізуден жалтару не оны жүргізуге кедергі келтіру) жоғарыда көрсетілген 7 – кәсіпорынның  3- ЖМҰ-ы таратылған және банкрот деп танылған, 2- ЖМҰ-ы әрекетсіз деп танылған, 2- ЖМҰ-ы емес орналасқан орны анықталмағандықтан тартылмады.

            Жоғарыда айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында барлық жария мүдделі ұйымдардың басшылары жұмыскерлерінің заң және қаржылық білімдерін арттыруға, қаржылық есептілікке уақтылы аудит жүргізуге және оның басқару органымен уақтылы бекітілуіне көңіл бөлуі тиіс.                                                                                                                                                                                                         

 

Жамбыл облысы бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаменті