Мыңжасаров Ержан Тілекұлы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды

Мыңжасаров Ержан Тілекұлы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Мыңжасаров Ержан Тілекұлы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

       Ержан Мыңжасаров 1971 жылы Түркістан облысында (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. 

      1993 жылы Семей технологиялық институтын "Инженер-технолог" мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша тамамдаған.

     Мемлекеттік қызметті 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігінің  Қаржылық бақылау комитеті Мемлекеттік несилердің мақсатты пайдаланылуын бақылау бөлімінің жетекші бақылаушы-тексерушісі лауазымынан бастаған.

     2001-2009 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінде түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

     2010-2012 жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

     2012 жылдан 2020 жылға дейін ҚР ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясын және Ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарды.

     2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    «Құрмет» орденімен, «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.