"ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының тендері туралы мақалаға қатысты

"ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының тендері туралы мақалаға қатысты

       Әлеуметтік желілерде "ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы жүзеге асырған мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат тарады.  Осы тақырыпқа қатысты Ішкі мемлекеттік аудит комитеті ресми түрде мына жайтты мәлімдейді. 

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 Қаулысының 41-тармағына сәйкес, "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы Ұлттық компания болып табылады.

        Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүргізетін сатып алуларға бақылау жүргізбейді, себебі  Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы бұл рәсімдерді реттемейді.

       Елордалық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне "ҚазАвтоЖол " ҰК" АҚ өткізген тендерге байланысты қылмыстық іске аудит департаменті қызметкерлерінің қатыстылығы немесе қатыспайтындығы туралы ресми сұрау жіберді.

 

        Департамент қызметкерлері осы факті бойынша жауап алуға тартылған жоқ және қамауға алынған жоқ.