Совершенствование государственного аудита в Казахстане и обмен опытом с Сообществом по внутреннему аудиту PEMPAL

Совершенствование государственного аудита в Казахстане и обмен опытом с Сообществом по внутреннему аудиту PEMPAL

           2021 жылғы 12 қарашада Ішкі мемлекеттік аудит комитеті "Қазақстанда мемлекеттік аудитті жетілдіру және Pempal Ішкі аудит бойынша қоғамдастықпен тәжірибе алмасу"тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы және оның филиалдары базасында ұйымдастырылды.   

      Семинарға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы К. Плотников, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Қ. Әбіл, PEMPAL ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың өкілдері Ватян А., Гросу Аксенти Д., Арамян Г., "Эрнст энд Янг Қазақстан" компаниясының басшысы Казенова А., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Л. З. Бейсенова, ҚР Қаржы министрлігінің, орталық мемлекеттік органдардың тексеру комиссиялары мен ішкі аудит қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдар мен ҚР ІІМ полиция департаменттерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

        Аталған семинар-кеңесте мемлекеттік ішкі аудит саласындағы заңнама, ішкі аудит бойынша консультациялық қызметтер көрсету, 41 "қаржы құралдары" ҚЕХС (IPSAS) - есепке алудың жаңа моделін қолдану мәселелері талқыланды.

       Сондай-ақ, мемлекеттік аудит саласында кадрлар даярлау және ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудиторлары үшін KPI қолдану мәселелері қозғалды.