Батыс Қазақстандық аудиторлар 112,5 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықтады

Батыс Қазақстандық аудиторлар 112,5 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықтады

       Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылға арналған тексеру нысандарының тізбесі бойынша «БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-де жергілікті атқарушы органдарға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдалануына тексеру жүргізіліп, нәтиежесінде жалпы сомасы 112,5 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

       2021 жылдың 30 сәуірі күнге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мамандарға тұрғын үй сатып алу арналған несиелік шарттар бойынша берешекті өндіру жұмыстары жүргізілмегені анықталды.

         Нәтиежесінде 112,5 млн. теңге соммасында қалыптасқан негізгі қарыздардың мерзімі өткен берешегі тексеріс барысында толығымен бюджетке өтелді.