Ұлттық валюта Теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау

Ұлттық валюта Теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен  құттықтау

Құрметті әріптестер!

  Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

 Ұлттық валюта ретінде теңге  мемлекетіміздің тарихында маңызды рөл ойнайды. 

 Тәуелсіздік туы астындағы 30 жыл ішінде мемлекетіміз дамудың талай белесін артқа тастап, қиындықтарды жеңіп, жылдан-жылға гүлденіп келеді. Дәл осындай өзгерістер мен күрделі сынақтарды теңге де басынан өткерді. Осындай өткелең кезеңде Сіздер – қаржыгерлер еліміздің қаржы-қаражат саясатын іске асыруда қанатымен су сепкен қарлығаштай ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай қызмет еттіңіздер. Сол себепті бұл күн сіз бен біз үшін аса маңызды, айрықша қадірлі күн.

Сіздерге осындай айтулы мереке күні отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, істеріңізге сәттілік тілеймін.

Тәуелсіздігіміз де, теңгеміз де тұғырлы, ғасырдан-ғасырға жетер ғұмырлы болсын!

Мереке құтты болсын!

 

 Ізгі тілекпен,

Алмас Кавкитаев

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

төрағасының міндетін атқарушы