Берік Нәжімиденов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып тағайындалды

Берік Нәжімиденов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып тағайындалды

    Берік Нәжімиденов Жоғарғы Сот судьясы болып тағайындалды. 

Жаңа кандидатураны Парламенттегі Президент өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаев таныстырды.

"Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Жоғарғы Сот судьясы қызметіне Берік Төлеутайұлы Нәжімиденовті сайлау туралы ұсыным енгізді. Берік Төлеутайұлы қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит саласында тәжірибесі мол маман, соңғы бес жыл қаржы министрлігінде жемісті қызмет етті. Қазіргі уақытта қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік бақылау комитетін басқарады. Жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Экономика-бизнес магистрі", - деді Исабаев.
Президент өкілінің айтуынша, Берік Нәжімиденов экономикалық-қаржы дауларын қарау бойынша Жоғарғы сотпен тығыз жұмыс істеп келген. Сондықтан судья қызметін атқаруға дайын. Жоғарғы сот кеңесі оның кандидатурасын қолдады.