Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары 1,5 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған

Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары 1,5 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған

         Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері Хромтау аудандық білім беру бөлімінде  аудиторлық тексеру жүргізу барысында кәмелетке толмаған жетім балалардың төлемдерін екі көзден алып отыру үшін, олардың қамқоршылары қос-қостан шот ашқандығын анықтады. 

           Аудиторлар Хромтау білім басқармасында 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде жетім балалардың қамқоршыларына аударымдар белгілеудің негізділігін тексерді.
          Осы кезеңде аудандық білім беру бөлімінде қамқоршылар үшін "Қазпошта" АҚ мен "Халық Банкі" АҚ-да бір мезгілде осы карт-шоттарға қаражат аударумен шоттар ашылғаны анықталды. Яғни, бір төлем қамқоршыларға екі рет түсті, бұл "отбасы және неке туралы" ҚР Заңының және "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"ҚР Кодексінің талаптарын бұзу болып табылады.
         Мәселен, 2018 жылы 737,3 мың теңге, 2019 жылы-876,5 мың теңге және 2020 жылы - 23,9 мың теңге, барлығы 1 млн.637,7 мың теңге артық аударылды.
        Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтар сомасы 1 млн.637,7 мың теңге бюджетке өндірілді.
Осы мемлекеттік мекеменің бухгалтері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
         Аудит материалдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне тапсырылды.