«Ішкі мемлекеттік аудит органдарында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолдану бойынша сот органдарымен өзара іс-қимыл» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

«Ішкі мемлекеттік аудит органдарында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолдану бойынша сот органдарымен өзара іс-қимыл» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 9 қыркүйегінде Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде «Ішкі мемлекеттік аудит органдарының Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолдану бойынша сот органдарымен өзара іс-қимыл» тақырыбына арналған Дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараны Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Нажмиденов Берік Төлеутайұлы ашып, қатысушыларға жемісті диалог орнатып, пікір мен тәжірибе алмасу үшін, Комитет тарапынан барлық жағдай жасалғандығын айтты. Сонымен қатар, Дөңгелек үстел нәтижесі ортақ іске пайдалы болып, айтылған ұсыныстар практикада іске асады деген сенім білдірді.

 

Дөңгелек үстел барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолдану туралы баяндау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абдуғалиев Дамир Абдуғалиұлы, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық  әкімшілік сотының төрағасы Сатбаев Берік Бақытғаниұлы сөз алып, қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Есіркепова Ирина Бақбергенқызы «Мемлекеттік орғандардағы әкімшілік рәсімдік»  тақырыбына, осы соттың тағы бір судьясы  Бияхметова Бағдагүл  Досмағұлқызы «Мемлекеттік органдардың қатысуымен, оның ішінде мемлекеттік аудит органдарының қатысуымен істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбына баяндама оқыды.