Ақтөбе облысы бойынша ІМАК жұмысының 2021 жылдың 1 жартыжылдығындағы нәтижесі

Ақтөбе облысы бойынша ІМАК жұмысының 2021 жылдың 1 жартыжылдығындағы нәтижесі

  Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2021 жылдың  1 жартыжылдығында 115 аудиторлық іс-шара  өткізілді, оның ішінде 110 іс-шара -жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен  квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, 5 іс-шара- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде.

          Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 51810,1 млн. теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтер қамтылып, жалпы сомасы 38565,9 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 1278,0 млн.теңгені және рәсімдік бұзушылықтар – 37287,9 млн. теңгені құрады.

          Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 1278,0 млн. теңге қаржылық бұзушылықтардан  1268,4 млн.теңге (99,2%) өтелді және қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 520,8 млн. теңге болса, бюджетке 511,4 млн. теңге (98,2%) өтелді және жалпы сомасы 757,0 млн. теңгеге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету арқылы қалпына келтірілді.

          2021 жылдың 1 жартыжылдығында камералдық бақылаумен 354354,8 млн.теңге соманың  27557 лоты мен жоспар тармақтары (қамту 98,6% - ды құрайды) қамтылды, 1641 лот бойынша 38750,4 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды.

         Департаментпен есепті кезеңде 201 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 17903,1 мың теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол толық көлемде өндірілді.

         Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 127 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 



Г.Кулхаева

 жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас маманы