Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2021 жылғы І жартыжылдықтағы негізгі қызметі

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2021 жылғы І жартыжылдықтағы негізгі қызметі

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2021 жылдың І жартыжылдығында 1 802 аудиторлық іс-шараны жүзеге асырды, оның барысында барлығы 1 258 689,2 млн.теңге қамтылды. Бұл ретте, 129 681,1 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 3 100 мөлшерінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бүгінгі күні қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 87 392,7 млн.теңге тауарларды жеткізуді, Қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен жойылды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ аудит объектілері қызметінің тиімділігін арттыруға және жетілдіруге бағытталған 1 622 ұсыным берілді, оның ішінде бүгінгі күні 1 206 орындалды.

4 589 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 1 685 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін, құқық қорғау органдарына 190 материал жіберілді.

Жыл соңына дейін Комитеттің бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесін уақтылы және сапалы орындау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.