Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өтініштерді қарау қызметі

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өтініштерді қарау қызметі

Азаматтардың мүддесі үшін өтініштерге жедел ден қоя отырып, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру Комитет жұмысының басымдығы болып табылады.

Комитет азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жалғыз мемлекеттік аудит органы болып табылады.

Өткен жылдан бері түрлі салалардан барлығы 60 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Оның 48 мыңнан астамы мемлекеттік сатып алу рәсіміне байланысты өтініш білдірген заңды тұлғалар болып табылады.

Қалғанында жеке тұлғалардан 12 мыңнан астам өтініш қаралды, оның ішінде 7 мыңнан астамы ер адамдар жүгінді. Ұжымдық өтініштер де бар (300-ден астам).

Өтініштер құрылыс, білім беру, көлік, жолаушылар тасымалы және медицина салаларында бюджет ақшасын жұмсау мәселелеріне қатысты.

Келіп түскен барлық өтініштердің басым бөлігі (шамамен 36 718) қанағаттандырылды.

Мысалы, Ақтөбе облысынан ұжымдық шағым түсті. Covid-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге, атап айтқанда "№5 Қалалық емхана" МКК фельдшерлері мен жедел медициналық көмек жүргізушілеріне жұмыс істеген кезеңі үшін толық көлемде үстемеақының жете есептелмеуі нәтижесінде жалпы сомасы 11,4 млн.теңгеге аз төлем белгіленген.

        Аудит қорытындысы бойынша жалақы қызметкерлердің карт-шоттарына аударылды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір мысал, Алматы қаласының "Жастар үйі" КММ 12 тәрбиеленушіге жалпы сомасы 644,6 мың теңгеге тамақтану және киім-кешек үшін жәрдемақы төленбеген. Нысанға анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым жіберілді.

Анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.