Шығыс Қазақстан облысы бойынша ІМАД-тың 2020 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ІМАД-тың 2020 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2020 жылға арналған екі облыстық және үш қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы мен негізділігі мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралар аяқталды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілікті тиісті деңгейде шоғырландырмайтынын көрсетті, өйткені шоғырландыру процесінің ашықтығы толық көлемде қамтамасыз етілмеген.

Бұданбасқа, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық есептілік деректерін біріктірген кезде ведомстволық бағынысты мекемелердің бухгалтерлік есеп деректерін қайта тексермейді.

Нәтижесінде  мемлекеттік аудиторлар жалпы сомасы 40,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықтады, олар аудит барысында қалпына келтірілді, оныңішінде:ШҚО жұмыс пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – 192,2 млн.теңге, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеубасқармасы – 1 895,5 млн. теңге, Семей қаласының құрылысбөлімі – 34 587,7 млн. теңге, Өскеменқаласының ТКШ, жолаушыларкөлігіжәне автомобиль жолдары бөлімі-1 656,4 млн. теңге, Семей қаласының ТКШ жәнетұрғынүйқатынастарыбөлімі – 2 593,8 млн. теңге.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы негізгі бұзушылықтарды мыналарды бөліп көрсетуге болады:

- ақша қаражатыныңқалдығын дұрыс көрсетпеу;

- негізгі құралдарды дұрыс есепке алмау;

- ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларын көрсетпеу;

- резервті негізсіз көрсету;

- мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді көрсетпеу;

- жарғылық капиталды есепке алу бойынша көрсетілмеуі;

- негізгі құралдарды, қорларды негізсіз есептен шығару;

- ұзақ мерзімді активтер мен қорларды дұрыс есепке алмау.

         Аудиторлық іс-шаралар 2020 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы наурызға дейінгі кезеңде жүргізілгенін атап өту қажет, бұл бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды сүйемелдеумен байланысты, осылайша аудиторлар бұзушылықтар мен қателерді анықтауды ғана емес, оларды уақтылы жоюды да қамтамасыз етті.

Департамент осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда, бүгінгі күні бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне 2021 жылға арналған қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен негізділігі мәселесі бойынша алдын ала зерделеу жүргізілуде.