Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірлесіп өткізілген дөңгелек үстел отырысы

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірлесіп өткізілген дөңгелек үстел отырысы

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірлесіп, дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Маңғыстау облысы бойынша ІМАД басшысы Д.К.Аубакиров сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты міндеті қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек екенін атап өтті. Сонымен қатар Департаменттің басшы орынбасары әдеп уәкілі Н. А.Анесов мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын қатаң сақталуына тоқталып кетті.

Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Н.Т. Мұқатай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөнінде айтып берді.Сондай-ақ," дөңгелек үстелде" Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе оларды ұсынған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін қызметтер қабылдауына тыйым салу жөніндегі мәселелер талқыланды.