Жамбыл облысында кәсіпорын қаражатын заңсыз пайдалануы анықталды

Жамбыл облысында кәсіпорын қаражатын заңсыз пайдалануы анықталды

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен  2021 жылдың сәуір айында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінен түскен арызына сәйкес, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл-Су» шаруашылық жүргізу құқығындығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында жалақыны есептеу мен төлеудің заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2020 жылдың тамызынан бастап 2021 жылдың ақпанына дейінгі аралықта жұмысқа заңсыз қабылданған және өз қызметтік міндеттерін орындамаған Кәсіпорынның 6 жұмысшыларына көлемі 6 718,9 мың теңгеге  жалақы заңсыз есептелініп, төленген.

Осы ай сайынғы төленіп отырған жалақыны персоналды басқару бөлімінің мамандары, есепшісі және кәсіпорынның бас экономисі алып отырған.

Тексеру барысында заңсыз алынған қаражатты, яғни 1 582,0 мың теңгені есепші кәсіпорынның кірісіне қайтарған.

Жүргізілген аудит материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне жіберілді.

Жамбыл облысы бойынша

ІМАД басшысы А.Дүйсенбаев