Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жүргізілген аудит қорытындысы

Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жүргізілген аудит қорытындысы

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен азамат В. Теннің өтініші негізінде «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММде жоспардан тыс аудит жүргізілді.

                Аудит қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97-бабының 6-тармағын бұза отырып, Мекеме Талдықорған қаласы «Ынтымақ» тұрғын үй ауданындағы жолдарды ағымдағы жөндеу (қиыршық тас төсеу) бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде мердігердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыру кезінде бюджетке өтелуге жататын 93 580,5 мың теңге сомасына міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етпегені анықталды, себебі қосымша келісімде көзделген жұмыстар орындалмаған.

          Бұдан басқа, мекеме 14 173,6 мың теңге сомасына орындалмаған жұмыстарды қабылдап, төлем жүргізген. Олар жұмыстарды орындау жолымен қалпына келтірілуі тиіс.

          Сонымен қатар, мекеме 22 520,5 мың теңге сомаға тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз етпеген.

          Осыған байланысты, Департамент әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігінде ден қою шараларын қабылдап, аудиторлық іс-шараның материалдарын процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолдады.