ІМАК қызметкерлері "жетім көрсең, жебей жүр" дегенді іске асырды

ІМАК қызметкерлері "жетім көрсең, жебей жүр" дегенді іске асырды

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде ішкі мемлекеттік аудит комитеті кәсіподағының өкілдерімен Қарағанды облысы Осакаров ауданының Литва жетім балаларға арналған мектеп-интернатында қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Интернатта әртүрлі жастағы 65 бала тәрбиеленуде. 

Комитет қызметкерлері балаларға мерекелік дастархан жайып, мереке ұйымдастырды. "Bambino" компаниясы тегін балмұздақ беріп, демеушілік көмек көрсетті.

Іс-шараны "әзіл кеші" жобасының негізін қалаушы шоумен Шыңғыс Қуанышқанов жүргізді, ол балалармен түрлі конкурстар мен ойындар өткізді, оның қорытындысы бойынша балалар түрлі сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ, балаларды құттықтауға Уфа қаласында өткен "Яны Моң" халықаралық музыкалық телевизиялық байқауының лауреаты әнші Әкімхан Мәженов келді. Балалар кәсіпқойлардың өнерін сүйсіне тыңдады.

 Мерекелік шара соңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Комитет ұжымынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы 2 айда бұл КВГА кәсіподағының қолдауымен өткізілетін екінші қайырымдылық іс-шара.