Қостанай облысы бойынша ІМАД камералдық бақылаудың 2021 жылғы 5 айдағы қорытындылары

Қостанай облысы бойынша ІМАД камералдық бақылаудың 2021 жылғы 5 айдағы қорытындылары

2021 жылдың өткен кезеңі бойынша Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  камералдық бақылаумен 36763 мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қамтыды.

         Ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін камералдық бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша:

-648 хабарлама жіберілді;

-Орындалған хабарламалар-618;

-Хабарламаларды орындауда-30

         Хабарламаларды тиісті деңгейде орындамау (мерзімін өткізіп алу) фактілері бойынша 1 әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         2021 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы барлығы 1297 шағым түсті. 2021 жылғы 01 маусым жағдайы бойынша 1183 шағым қаралды.  

         Сондай-ақ, Департамент  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғады. ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша 286 хаттама жасалды.