Ақмола облысы бойынша ІМАД-тың 2021 жылғы 1 тоқсандағы камералдық бақылау нәтижесі

Ақмола облысы бойынша ІМАД-тың 2021 жылғы 1 тоқсандағы камералдық бақылау нәтижесі

2021 жылғы 1 тоқсан бойынша Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  камералдық бақылаумен 26 103 мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қамтыды, оның 26 255-і немесе 99% - ы тиесілі.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін камералдық бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша:

-640 хабарлама жіберілді:

-Орындалған хабарламалар-604;

-оның ішінде мерзімі кешіктіріліп орындалды-22;

-Хабарламаларды орындауда-36

Хабарламаларды тиісті деңгейде орындамау (мерзімін өткізіп алу) фактілері бойынша 22 әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, өткен кезеңде Департамент мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 6 хат жолдады:

Қазіргі уақытта №111010000-4-7-127838 хабарлама бойынша шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылды, қалған хабарламалар бойынша шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер жойылды.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 47-бабы 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы.

2021 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы барлығы 994 шағым түсті. Бүгінгі күні 787 шағым қаралды, оның ішінде 568 (72%) шағым толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 219 (28%) шағым бойынша өтініштерде көрсетілген дәлелдер расталмады және Департамент өтініштерді қанағаттандырудан бас тартты. Қалған 207 шағым қаралуда.

Сондай-ақ, Департамент камералдық бақылау шеңберінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғады.

ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша 11 508 197 теңге сомасына 219 хаттама жасалды.

ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша 415 673 теңге сомасына 22 хаттама жасалды