СҚО-да жалпы сомасы 7,3 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

СҚО-да жалпы сомасы  7,3 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2018-2020 жылдары облыстың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 9 мекемеде аудиторлық іс-шаралар өткізді. Онда сомасы 7,3 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, олар бүгінгі күні бюджетке өтеліп, толық көлемде қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, жол берілген бұзушылықтар үшін 8 лауазымды тұлға жалпы соммасы 948 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл бюджет кірісіне толық көлемде аударылды