Қостанай облыстық Ішкі аудит қызметінің 2020 жылы жүргізген аудиторлық іс-шаралар нәтижесі

Қостанай облыстық Ішкі аудит қызметінің 2020 жылы  жүргізген аудиторлық іс-шаралар  нәтижесі

Қостанай облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен  2020 жылы 11 аудиторлық іс-шара өткізілді.            Есепті кезеңде аудитпен қамтылған қаражат сомасы 887 926,2 мың теңгені құрады, 128 956,2 мың теңгеге немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 14,5% бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 8 995,6  мың теңге қаржылық бұзушылықтар  (қалпына келтірілетін және бюджетке қайтарылатын), мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырудағы процедуралық бұзушылықтар 119 960,6 мың теңге.       8 995,6  мың теңге қалпына келтірілді және қайтарылды, немесе қалпына келтіруге, бюджетке қайтарылатын қаражат сомасының 100,0% .       Қазақстан Республикасының 12.11.2015 ж. №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»  Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, ішкі аудит қызметін үйлестіру мақсатында  Департамент мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келетін жергілікті атқару органның ішкі аудит қызметі  аудитінің үш материалы бойынша «Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ және «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, «Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ сапаға бақылау жүргізді. 

Қостанай облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті