Қостанай облысы бойынша 2020 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары

Қостанай облысы бойынша 2020 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне 4 мемлекеттік мекемеде және оның 7 ведомствоға қарасты мекемелерінде аудит жүргізілді .

Тұтастай алғанда, аудиторлық іс-шаралармен есепті кезеңнің басында және соңында есепте тұрған активтерді, міндеттемелерді және таза активтерді/капиталды көрсетудің толықтығы, ақша қаражатының қозғалысын есепке алудың дұрыстығы, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептеу, есепті кезеңде жасалған кірістер мен шығыстар шоттарын және басқа да қаржы-шаруашылық операцияларын жабу мәселелері қамтылған.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 4 969 981,7 мың теңгені құрады, олар аудит барысында қаржылық есептілікті жасау тәуекелдерін барынша азайту мақсатында заңнама талаптарына сәйкес келтірілді.

Мекемелерде және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінде анықталған бұзушылықтарды талдау дебиторлық және кредиторлық берешектерді бұрмалаудың, бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдаланбаудың, бухгалтерлік тәртіпті бұзудың, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындамаудың көптеген фактілерін көрсетті.

Мекемелер дебиторлық және кредиторлық берешектерге мониторинг жүргізу бойынша жұмысты толық көлемде жүргізбейді, берешектерді өтеу және өндіріп алу бойынша толық шаралар қабылдамайды.

Аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоюға және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға нұсқамалар жіберілді. Сондай-ақ, облыс әкімінің атына шолу хат жолданды.