Жоспардан тыс Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жамбыл селосындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалу сұрағы бойынша аудит қорытындысымен барлығы 5 442,2 мың тенгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды.
Сонымен, жобалаушы «Shanyrak Jobalau» ЖШС-гі жобалау-сметалық құжаттамасында 5 442,3 мың теңгеге құралғылардың құны негіссіз жоғарылатылған. Анықталған бұзушылық сомасы толықтай бюджет кірісіне өнірілуге жатады.
Аудит объектісіне бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру туралы нұсқама енгізілді. Бұзушылықтарды жою іс шаралары жалғасуда.