Бұзушылықтарды болдырмау үшін

Бұзушылықтарды болдырмау үшін

Облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылаудың көмегімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін белсенді түрде жұмыс жасауда.

ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  (бұдан әрі –Департамент) мамандарымен 2019 жылдың бірінші тоқсанына жүргізілген, камералдық бақылау нәтижелерінің  қорытындылары шығарылды.

Сонымен, осы кезеңде Департамент мамандарымен жалпы сомасы 219,1 млрд. теңгеге  41 674 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі тексерілді. Камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша 838 лот бойынша 26,7 млрд. теңгеден астам сомада бұзушылық анықталды. Олардың әрқайсысына бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілді.

Ең жиі жол берілетін бұзушылықтардың арасында - тапсырыс берушілердің заңнамада көзделмеген талаптарды белгілеуі, сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілерді шатастыратын  шарттарды  қою, өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қабылдамау себептерінің көрсетілмеуі немесе толық сипатталмауы, жеткізу мерзіміне он бес күнтізбелік күннен аз уақытты белгілеу, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу әдісін негізсіз анықтау және т.б.

Бұған дейін ең елеулі бұзушылықтар негізсіз конкурсқа қабылдау немесе қабылдамау бойынша конкустардың (аукциондардың) нәтижелерін қорытындылау процесіне қатысты болған.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, заңнамаға енгізілген соңғы өзгертулерге байланысты, камералдық бақылау бойынша төртінші бағыт бойынша арыздарды қарау (қорытындыларға шағым жасау) уәкілетті органмен жүргізіледі, ал аумақтық бөлімшелер конкурстың (аукционның) басқа бағыттары бойынша және мемлекеттік сатып алудың өзге де тәсілдері арқылы өткізілетін сатып алулар бойынша өтініштерді қарастырады.

Департаментпен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне қатысты 80-нен астам өтініш қаралған.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша, әртүрлі заң бұзушылық фактілері анықталды, соның ішінде, 1,0 млрд. теңгеден астам сомаға екі ашық конкурстың негізсіз күшін жою, сонымен қатар, бір конкурс бойынша  шамамен 600,0 млн. теңге мөлшерінде тиісті құқықтық қабілеттілігі, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу тұрғысынан, әлеуетті өнім берушінің тиісті біліктілік талаптарына сай келуі ретінде негізсіз танылуы болды.

Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару жүйесіне талдау жасау нәтижелері бойынша, сол бойынша  әкімшілік  жаапкершілік қаралған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталмауына қатысты көптеген фактілер анықталды. Жылдың басынан бастап, жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелеріне сәйкес, 6 034,7 мың теңге сомасында 50 әкімшілік іс қозғалған.

Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен өткізілген сатып алулар бойынша бұзушылықтар  анықталуда. Сонымен, камералдық бақылаудың профильдері мен элементтеріне жатпайтын сатып алулар бойынша арыздар түскеннен кейін, сатып алудың нәтижелерін жарамсыз деп тануға әкелетін, бұзушылықтарды  анықтайтын аудит жүргізуге  әкеп соғады.

Көбінесе, ұйымдастырушылардың немқұрайлылығынан, мысалы, хабарландыруда өткізілетін сатып алу туралы, лицензияның болуы туралы белгі болмағандықтан, сатып алуға жеткілікті құқықтық қабілеті жоқ әлеуетті  өнім берушілердің қатысуына  әкеп соғады, нәтижесінде,  тиісті лицензиясы немесе рұқсаттары жоқ өнім берушілермен келісім-шарт жасасады.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу үрдісінде туындайтын, мемлекеттік сатып алудың тікелей қатысушыларынан арыздар мен шағымдар түрінде түсетін, барлық проблемалық мәселелер, Департамент мамандарымен оларды талдаудан өткізгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті арқылы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiне жіберіледі. Онда, барлық ақпаратты терең талдаудан өткізгеннен кейін, қолданыстағы заңнамаға түзетулер дайындау арқылы дереу ықпал етеді.

Мысалы, ақпан айының соңында Қаржы министрлігімен тапсырыс берушінің тарапынан  қосымша талаптарды белгілеуге рұқсат беретін жеке сатып алу тізімі бекітілді. Сонымен, медициналық тексеру және тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді тек қаланың, облыстың аумағында орналасқан компаниялар ғана көрсете  алатын болды.

Бұған қоса, заңнамаға соңғы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, өнім берушінің тарапынан мерзімінен кешігумен байланысты талап арыздардың саны азайды.   

Егер бұрын тапсырыс беруші келісімшарттың орындау мерзімін бұзған қатысушыға қатысты сотқа беруге міндетті болса, енді, егер өнім беруші келісімшарттың орындау мерзімін бұзған, кейіннен өзінің міндеттерін тиісті түрде орындап, мерзімінен кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбын төлеген жағдайда және де жалпы алғанда бұның ешқандай жағымсыз салдары болмаған жағдайда, мұндай талап міндетті емес.    

Егер қандай да бір фирма мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылса, онда заңға сәйкес оны «қара тізімнен» екі жылдан кейін ғана алып тастауға болады.

Департамент  ағымдағы кезеңде алты семинар өткізді, оның ішінде, облыс аймақтарына барды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгертулер түсіндірілді. Семинарға тапсырыс берушілер мен конкурсты ұйымдастырушылар, сондай-ақ, өнім берушілерде қатысты, барлығы да ең  өзекті сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Департаменпен осы бағыттағы жұмыс жалғасады.