Қостанай облысы бойынша ІМАД 2021 жылғы 1 тоқсандағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Қостанай облысы бойынша ІМАД 2021 жылғы 1 тоқсандағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторларымен 2021 жылғы 1 тоқсан бойынша 52 аудиторлық іс-шаралар өткізілді, олардың барасында 11 233,4 млн.теңге қамтылды.

Сомасы 9 467,3 млн. теңгеге бюджеттік заңнаманың бұзушылықтары анықталды, соның ішінде: сомасы 592,2  млн. теңге - қаржылық бұзушылықтар және сомасы 8 875,1 млн. теңге - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған іс-шаралармен бюджетке қалпына келтірілуге және өтелуге тиісті сомасы 592,2 млн. теңгеден қалпына келтіруге тиісті және өтелгені 256,7 млн. теңге немесе 43,3%.

Бұдан басқа, сомасы 1 534,8 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудағы бұзушылық анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына әсер еткені – 1 389,1 млн. теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша есепті күнге орындалу мерзімінің аяқталуын анықтаған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы 33 нұсқаманы жіберілді, олардың 26 немесе 78,8%
аудиторлық объектілерімен толық көлемде орындалды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 30 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сомасы 12 695,1 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы 423 хабарлама жіберілді.