Маңғыстаулық департамент балабақшадағы жымқыруды анықтады

Маңғыстаулық департамент балабақшадағы жымқыруды анықтады

Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Қарақия ауданы әкімдігінің «Айгөлек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізілген аудиторлық іс-шарамен 13 235,56 мың теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Қарақия ауданы әкімдігінің «Айгөлек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныныңлауазымды тұлғалары 01.01.2017-01.06.2020 жылдар аралығында 13 235,56 мың теңге бюджет қаражатын өздерінің жеке карт шоттарына негізсіз аударып келгені анықталды,қазіргі таңда6 159,24 мың теңге бюджетке өңдіріліп, лауазымды тұлғалар жұмыстан босатылды.

Сонымен қатар, материал құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданып, лауазымды тұлғаға қарсы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 189-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.