Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылғы ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында 2020 жылғы желтоқсанда орындалған жұмыстары үшін төлемнің жүргізілуі негізділігі мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралар жүргізді, онда 2,5 млрд.теңгеден астам сомаға құрылыс жұмыстарын уақтылы орындамау бөлігінде бұзушылықтар анықталды (СҚО Петропавл қаласы Береке ықшамауданындағы бір ауысымда 250 келушіге арналған емхана салу; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу). Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2020 жылы қарастырылған жұмыстарды ескере отырып, жұмыстарды орындау мерзімдерін ұзартуға қосымша келісімдер жасалды.