Алматы облысытық №1 балалар үйінде аудиторлық іс шара барысындағы анықталған бұзушылықтар

Алматы облысытық №1 балалар үйінде аудиторлық іс шара барысындағы анықталған бұзушылықтар

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Алматы облыстық №1 балалар үйі" КММ-де 01.01.2018 жылдан  бастап 31.08.2020 жылдар  аралығындағы кезеңде балалар үйі түлектерінің банктік шоттарынан ақшалай қаражатты алудың заңдылығы, сондай-ақ жетім балалардың шоттарында ақшалай қаражаттың толық болуы мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді.

         Жүргізілген аудит барысында мекеме атынан директор (кәмелетке толмаған жетім балалар мен балалардың қамқоршысы мен қорғаншысы) әлеуметтік қызметкерге 24.07.2018 жыл, 21.06.2019 жыл, 03.08.2020 жылда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Акционерлік Қоғамы тәрбиеленушілердің мүдделерін білдіру құқығына, сондай-ақ ақшалай қаражаттың түсуін бақылауға, карточкалық базада депозиттік шоттар мен ағымдағы шоттар ашуға, пластикалық карточкалар мен оларға ПИН конверттерді алу құқығынсыз.  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта (ЗТМО) ақша алу және тағы басқадай сенімхат берілген.

         "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ұсынған үзінді көшірмеге сәйкес аудит әлеуметтік қызметкер тәрбиеленушілердің шотынан 46 177,309 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын заңсыз алғанын анықтады.

         Қазіргі уақытта балалар үйінің тәрбиеленушілеріне заңсыз алынған ақшалай қаражатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.