Алматы облысы Ақсу ауданының "Айжулдыз" балабақшасында анықталған бұзушылықтар

Алматы облысы Ақсу ауданының "Айжулдыз" балабақшасында анықталған бұзушылықтар

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен түскен өтініштің негізінде Ақсу ауданының "Айжулдыз балабақшасы" МКҚК сәйкестік аудиті жүргізілді.

         Аудит нәтижелері бойынша 28549,6 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық-8308,1 мың теңге; рәсімдік-20241,5 мың теңге, атап айтқанда:

- қызметкерлердің шоттарына 541,8 мың теңге сомасына жалақыны негізсіз  аудару  жүргізілді;

- 6433,8 мың теңге сомасында пандус және көше жарығын орнату бойынша орындалмаған жұмыс көлемі анықталды, 1332,5 мың теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелді;

            Аудит барысында 8308,1 мың теңге мөлшеріндегі барлық сома тиісті бюджет кірісіне өтелді.

            Сонымен қатар, аудит жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды, негізсіз бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы 20241,5 мың теңге сомасына айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік сатып алу өткізілді, атап айтқанда: 2019 жылы - 15647,3 мың теңге сомасына 18 сатып алу өткізілді; 2020 жылы-4594,2 мың теңге сомасына 4 сатып алу өткізілді.

            Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 3295,0 мың теңге сомасына 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, ол толық өтелді, тәртіптік  жауапкершілікке  3 лауазымды тұлға тартылды.