СҚО-да медициналық құралдар сатып алудағы бұзушылықтар

СҚО-да медициналық құралдар  сатып алудағы бұзушылықтар

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "КММ" Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК 296 000,0 мың теңге сомасында медициналық құралдар сатып алудағы бұзушылықтар анықталды.

Мекеменің 18.03.2021 ж. №01-02/589 жауабына сәйкес, аудит нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестіруші, мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы, заң кеңесшісі сөгіс түрінде тартылды.

Материалдар "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" РММ-не 12.01.2021 ж. №08-08/36 тапсырылды.