Батыс қазақстандық аудиторлар 22 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады

Батыс қазақстандық аудиторлар 22 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады

  Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Теректі ауданының білім бөлімінің "Теректі" балалар музыка мектебі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында кәсіпорын қызметкерлеріне жалақыны есептеу және төлеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы сұрағы бойынша аудит жүргізді.

Аудит қорытындысымен 01.01.2018 жылдан 31.12.2020 жыл аралығында  Кәсіпорын  жұмысшыларына   26 602 454 тенге  негіссіз ақшалай қаражат (еңбек ақы) аударылымдары анықталды.

Заңсыз төлемдер сомасының   негізгі мөлшері  кәсіпорынның бас есепшісіне тиесілі,  ол 01.01.2018 жылдан 31.12.2020 жыл аралығында лауазымдық  өкілеттігін  асыра пайдаланып, еңбек ақы түрінде     өзінің карточкалық  шотына   жалпы сомасы  22 304 938 теңге қаржыны қасақана аударған.

Бұл іс-әрекеттер өз кезегінде пайдакүнемдік мақсаттар үшін пайдаланған бас есепшіге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) берген кәсіпорын басшылығы тарапынан бақылаусыздықтың салдары болып табылады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы  мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес Департамент анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, оның ішінде аудиторлық іс-шара материалдарын процессуалды  шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беру бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.