Қарағанды облыстық департаментінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы

Қарағанды облыстық департаментінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылы 91 аудиторлық іс – шара өткізілді, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2020 жылға 10 іс – шара, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің тапсырмалары бойынша-23 іс-шара, Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты мәселелер бойынша-1 іс-шара, Ақпараттық жүйелер мониторингінің деректері бойынша-15 іс-шара, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері бойынша 42 іс-шара өткізілді.

         Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 34 690,8 млн.теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2 292,7 млн. теңге бюджетке өтелуге және қалпына келтірілуге жатады.

         Қабылданған шаралармен 2 148,5 млн. теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде: 2 136,6 млн.теңге есепке алу, жұмыстарды, қызметтерді орындау және тауарларды жеткізу бойынша қалпына келтірілді, 11,9 млн. теңге бюджетке өтелді.

         Процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жалпы бұзушылықтар сомасы 276,2 млн.теңгеге 12 аудит материалдары берілді. 4 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, бір материал бойынша қылмыстық іс сотқа берілді.

         Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 17 лауазымды тұлға 1,9 млн.теңге айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бюджетке 1,5 млн. теңге немесе салынған жалпы айыппұл сомасының 81,1% түсті. Тәртіптік жауапкершілікке 71 лауазымды тұлға тартылды.

         Камералдық бақылау бойынша қызмет нәтижелері

         2020 жылы жалпы сомасы 976 856,2 млн.теңгеге барлығы 124 268 Мемлекеттік сатып алу лоты камералдық бақылаумен қамтылуы тиіс болды, оның ішінде 948 843,4 млн. теңге сомасына 123 529 лот пысықталды.

         3841 лот бойынша (3,1%) 102 291,0 млн.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, олар бойынша хабарламалар жіберілді.

         102 222,4 млн. теңге сомасына 3816 хабарлама мерзімінде орындалды. Жіберілген хабарламаларды тиісінше орындамағаны үшін 29 лауазымды тұлға 0,6 млн. теңге айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Анықталған бұзушылықтарды талдау жүйелі бұзушылықтарға орындалмаған немесе толық көлемде орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу бойынша, еңбекке ақы төлеу мен басқа да төлемдердегі, мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудегі бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамау бойынша жол берілетінін көрсетеді.

         Бұзушылықтардың себептері лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, жекелеген жағдайларда есеп қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің төмендігі болып табылады.

         Аталған бұзушылықтарға жол бермеу үшін:

         бюджеттік бағдарламалар әкімшілері деңгейінде де, жекелеген мекемелерде де бюджет қаражатын жұмсауды сапалы жоспарлау жөніндегі жұмысты күшейту,

         тапсырыс берушілер тарапынан мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауына бақылауды күшейту,

         көрсетілген салалардағы мамандардың біліктілігін арттыру бөлігіндегі жұмысты күшейту, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделеу,

         бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары тұрақты негізде бюджеттің атқарылу процесіне мониторинг жүргізуі және нормативтік-құқықтық актілердің мүлтіксіз сақталуына бақылауды күшейтуі қажет,

         бұзушылық тәуекелдерін азайту үшін мемлекеттік сатып алу процестерін автоматтандыру сияқты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар жұмысының негізгі процестерін автоматтандыру.

         Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша заңнамада көзделген барлық ден қою шараларын тұрақты негізде қабылдайды