Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2020 жылды қорытындылады

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2020 жылды қорытындылады

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қызметінің қорытындысы бейнеконференцбайланыс режиміндегі кеңейтілген отырыста шығарылды. Сондай-ақ, 2021 жылға арналған ІМАК-нің міндеттері анықталды.

Осы отырыс жұмысына ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Комитет төрағасы Берік Нәжімиденов, орынбасарлары, Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және «ЭҚО» АҚ және ACCA өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының 2020 жылға арналған есептері тыңдалды.

Атап айтқанда, бұзушылықтар түрлерін типтендіру, сәйкестік аудиті, қаржылық есептілік, камералдық бақылау және қаралған қарсылықтар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды.

Министр комитет қызметінің қорытындыларын оң бағалап, дағдарысқа қарсы шараларға және электрондық бухгалтерлік есепті енгізуге бөлінген бюджет қаражатын сапалы жоспарлау бойынша Министрліктің бюджет департаменттерімен өзара іс-қимыл туралы бастаманы қолдады.

Қаржы министрлігінің басшысы сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың біліктілік деңгейін арттыру үшін ассистенттерді оқыту мәселесін пысықтауды және бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың тиімділігіне және алдын алу шараларын қабылдауға ерекше назар аударуды тапсырды.

ІМАК-нің төрағасы Берік Нажмиденов 2021 жылға арналған басым міндеттерді талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауды, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес азаматтардың өтініштеріне дереу ден қоюды атап өтті. Сондай-ақ аудит сапасын жақсарту үшін жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерді жұмсауды атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.