Ақмола облысы бойынша аудит департаментінің 2020 жылғы аудиторлық іс-шараларының қорытындысы

Ақмола облысы бойынша аудит департаментінің 2020 жылғы аудиторлық іс-шараларының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі-Департамент) 2020 жылы 189 аудиторлық іс-шара өткізілді, аудитпен жалпы сомасы 31 177,84 млн. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 26 442,47 млн. теңгеге немесе қамтудың жалпы сомасының 85% - ына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 148 нұсқама жолданды, оның ішінде::

- толық көлемде орындалды-142.

Нұсқамаға берілген жауаптарға сәйкес аудит объектілерінің 175 лауазымды тұлғасы жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.

Есепке алу бойынша қалпына келтірілгені, көрсетілгені және бюджетке өтелгені 3 074,15 млн.теңге немесе 99,4%.

Департамент есепті кезеңде құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 3 715,3 млн.теңге сомасына 24 аудит материалдарын берді.

Осылайша, Департамент 2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта Департаменттің қызметі туралы 85 мақала жариялады, оның ішінде 49 мақала аудандық және қалалық баспа басылымдарында, 20 мақала интернет ресурстарында, 16 мақала инстаграмда орналастырылды.

Департамент басшысының орынбасарлары Anticor-live жобасы шеңберінде adaldyqalanyaqmola инстаграмында тікелей эфирде келесі тақырыптарға 4 сөз сөйледі:

- Сәйкестік аудиті 2019-2020 жж. қорытындылары;

- Ішкі мемлекеттік аудит: Департамент қызметінің негізгі бағыттары;

- Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау;

- Мемлекеттік аудит саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.