Виталий Пак Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІМАД-тың басшысы болып тағайындалды

Виталий Пак Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІМАД-тың басшысы болып тағайындалды

Қаржы Министрлігінің аппарат басшысының міндетін атқарушының бұйрығымен Пак Виталий Львович Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

 

Виталий Львович Ақмола облысының Щучье ауданында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтаған. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жыл.

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесіндегі қызметін 2015 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының № 4 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушы-ревизоры лауазымынан бастады. Осы ұжымда В.Пак 2017 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

 

2017 жылғы тамыздан бастап қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.