Қостанай облысы бойынша ІМАД 2020 жылы жүргізген аудиторлық шаралар

Қостанай облысы бойынша ІМАД 2020 жылы жүргізген аудиторлық шаралар

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторларымен 2020 жыл бойынша 159 аудиторлық іс-шаралар өткізілді, олардың барасында 16 852,87 млн.теңге қамтылды.

Сомасы 2 186,8 млн. теңгеге бюджеттік заңнаманың бұзушылықтары анықталды, соның ішінде: сомасы 884,1 млн. теңге - қаржылық бұзушылықтар және сомасы 1 302,7 млн. теңге - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған іс-шаралармен бюджетке қалпына келтірілуге және өтелуге тиісті сомасы 884,6 млн. теңгеден қалпына келтіруге тиісті және өтелгені 865,7 млн. теңге немесе 97,9%.

Бұдан басқа, сомасы 3 948,1 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудағы бұзушылық анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына әсер еткені – 3 709,1 млн. теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша есепті күнге орындалу мерзімінің аяқталуын анықтаған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы 118 нұсқаманы жіберілді, олардың 113 немесе 95,7%
аудиторлық объектілерімен толық көлемде орындалды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 109 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына сомасы 256,8 млн. теңгелік 6 аудит материалы жіберілді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сомасы 12 695,0 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы 423 хабарлама жіберілді.