Зылиха Отарғазиева Алматы облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды

Зылиха Отарғазиева Алматы облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды

Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Отарғазиева Зылиха Тұрсынғалиқызы Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

 Жаңа басшыны ұжымға ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Нажмиденов Берік Төлеутайұлы таныстырды.

Зылиха Тұрсынғалиқызы Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Павлодар политехникалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық заң университетін тамамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жыл.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы қызметін 2005 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы лауазымынан бастады.

2005-2017 ж. ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында түрлі лауазымдар атқарды.

2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарды.