ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2020 жылға арналған камералдық бақылау қорытындысы

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2020 жылға арналған камералдық бақылау қорытындысы

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығына сәйкес Комитет және оның аумақтық бөлімшелері «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасы және 16-бабының 5) тармақшасы негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша камералдық бақылау жүргізеді.

Камералдық бақылаудың мақсаты- бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісіне беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Ағымдағы жылы Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жалпы сомасы 10, 4 трлн.теңгені құрайтын 1 433, 2 мың мемлекеттік сатып алуды қамтыды, оның ішінде:

- мемлекеттік сатып алуды жариялау кезеңінде (1 бағыт) - 172,5 мың мемлекеттік сатып алу;

- конкурстық құжаттаманы талқылау кезеңінде (2 бағыт) – 101, 1 мың мемлекеттік сатып алу;

- қорытындылардың алдын ала хаттамасы кезеңінде (3 бағыт) – 13,9 мың мемлекеттік сатып алу;

- қорытынды хаттамасы кезеңінде (4 бағыт) - 14,9 мың мемлекеттік сатып алу;

- баға ұсыныстарын сұрату – 51,0 мың мемлекеттік сатып алу;

- тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен – 1 077,6 мың мемлекеттік сатып алу;

- тауар биржалары - 2,0 мың мемлекеттік сатып алу.

Камералдық бақылау қорытындысы бойынша жалпы бұзушылық сомасы 1 трлн.теңгеден асатын 31, 7 мың хабарлама жіберілді.