Қаржылық есептілік «Бақылауда!»

Қаржылық есептілік «Бақылауда!»

ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жыл сайынғы негізде қаржылық есептілік аудитін жүргізеді.

Комитет аудиторлары шоғырландырылған қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есептің дұрыстығын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жай-күйін бағалайды.

Қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері ел Үкіметіне мемлекеттік активтердің бар-жоғын және олардың жай-күйін растайды, сондай-ақ оларды басқарудың тиімділігін бағалайды. Бүгінде аудиттің бұл түрі қоғамның мемлекетке деген сенімін қалыптастырудың алғышарттарын жасайтын Үкімет құралдарының бірі болып табылады.

Дәл осы аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша Үкімет дәйекті қаржылық есептілік алады, демек, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жай-күйі туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болады.

Аудит жүргізуге мемлекеттік органдардың өздері де мүдделі. Себебі, қаржылық есептілік ақпаратының дұрыстығын растау инвестициялық және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажет.

Бірақ мемлекеттік сектордағы аудиттің нақты мақсаттары көбінесе әлдеқайда кең. Мысалы, мемлекеттік сектор аудиторларының міндеттеріне тексерілетін мекеменің бюджет қаражатын жұмсау тәртібі туралы билік органдарының талаптарын сақтауы/сақтамауы туралы есептер жасау, тексерілетін субъект жұмысының үнемділігі, ол жүзеге асыратын жобалардың тиімділігі/тиімсіздігі, жалпы қызметінің нәтижелілігі туралы қорытынды береді.

2019 жылдан бастап Комитет қаржылық есептілік аудитін жүргізуде жаңа тәсілдерді енгізді және іске асыруда. Мемлекеттік аудиттің жаңа тәсілдері ынталандыру принципіне негізделген. Олар бухгалтерлік есепте бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары және орташа барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігін нақты уақыт режимінде жыл сайын қамтуды көздейді. Бұл бұзушылықтарды уақтылы жоюға, мемлекеттік органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілігінің елеулі бұрмалануына және тиісінше оларды республикалық бюджеттің қаржылық есептілігіне көшіруге жол бермеуге ықпал етеді.

2020 жылы жаңа тәсілдерді қолдану республикалық бюджет активтерінің 64,2% - ын қаржылық есептілік аудитімен қамтуға мүмкіндік берді, бұл неғұрлым толық және дұрыс аудиторлық пікір қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді.

Жаңа тәсілдерді қолдану тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті.

Біздің басты нәтижеміз - аудит қорытындылары қаржылық бұзушылықтарды жедел ескертуге, оларды қаржылық есептілік бекітілгенге дейін анықтауға және жоюға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, соңғы жылдар ішінде орталық мемлекеттік органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілігі мен республикалық бюджет есептілігінің бұрмалануына әкеп соққан бірқатар жүйелі бұзушылықтар анықталды, олар мемлекет активтерінің сақталуын қамтамасыз етпеуден, олардың дұрыс есепке алынбауынан, дебиторлық берешекті қайтару бойынша уақтылы шаралардың болмауынан, мемлекет активтерін тиімсіз басқарудан көрінеді.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын талдау әрдайым адами фактор әсерінен болмайтынын көрсетті, жол берілетін қателіктердің себептерінің бірі нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі болып табылады. Тексеру нәтижелері кейбір заңнамалық нормативтік-құқықтық актілерді түзету жөнінде ұсыныстар енгізу арқылы жүйеленеді.

Бұзушылықтарды уақтылы анықтауды және олардың алдын алуды қамтамасыз етпейтін мемлекеттік органдардың ішкі бақылау жүйесінің жетілдірілмеуі де жүйелі кемшіліктердің себептерінің бірі болып табылады.

Аудиторлық қызметті дамытудың басым бағыттарының бірі қаржылық есептілік аудитінің жүйесін дамыту болып табылады, ол, әрине, электрондық аудитке бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесін дамытудың маңызды трендтері үлкен деректермен жұмыс істеу, үздіксіз аудит технологияларына көшу, жаппай цифрлық интеграция болып табылады.

Жоғарыда аталған трендтер мемлекеттік органдардың электрондық бухгалтерлік есебін және қағазсыз құжат айналымын құруға себеп болады.

Комитет аудитті толық автоматтандыру және BigData analyses құралдарын пайдалану есебінен адами факторды барынша азайту мақсатын қояды. Қашықтықтан аудит рәсімі қаржылық операциялардың үздіксіз мониторингінен және нақты уақыт режимінде бухгалтерлік есепті сүйемелдеуден тұратын болады.