Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Турегелдиев Раманхан Абитханұлы Батыс Қазақстан облысы бойынша ІМАД басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Нажмиденов Берік Төлеутайұлы таныстырды.
Раманхан Төрегелдиев 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 11 жыл.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы қызметті 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының сарапшысы лауазымынан бастады.
2018-2020 жылдары Алматы облысы бойынша ІМАД басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін ІМАК Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасын басқарды