Алматы қаласы бойынша ІМАД 55 млн теңгеге қаржылық бұзушылық анықтады

Алматы қаласы бойынша ІМАД  55 млн теңгеге қаржылық бұзушылық анықтады

Алматы қаласы бойынша ІМАД Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде аудит барысында коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған мекеме қызметкерлерінің жалақысына ынталандыру үстемелерін есептеу және төлеу кезінде жалпы сомасы 55,6 млн.теңгеге бюджет қаражатын пайдалану бойынша бұзушылықтарды, оның ішінде 31,9 млн. теңге сомаға бюджетке міндетті төлемдер мен салықтарды негізсіз ұстап қалуды белгіледі.
Аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды, сондай-ақ аудиторлық іс-шараның материалдары Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілді.

https://youtu.be/UFitwSHCcwc