
Алматы қаласында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Алматы облысы, Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мен полиция департаменттерінің, Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Ішкі аудит қызметтерінің (ІАҚ) қатысуымен ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында Ішкі мемлекеттік аудитті 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудиттің үлгілік бағдарламаларын практикалық қолдану мәселелері қаралды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ІАҚ қызметінің қорытындыларына, аудит материалдарының сапасын бақылауға, аудиторлық қорытындылар мен ұсынымдардың толықтығы мен негізділігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, ІАҚ қызметі туралы ақпараттың анықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін ҚБ/ТБЖ қосалқы жүйесіне аудит материалдарын уақтылы енгізу және есептілікті қалыптастыру мәселелері қаралды.
Семинар аясында жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін, анықталған тәуекелдерді және ішкі бақылау жүйесінің жай-күйін ескере отырып, 2027 жылға арналған ІАҚ аудиттерінің тізбесін қалыптастыру тәсілдері талқыланды.
Семинар өткізу әдістемелік көмек көрсетуге, ІАҚ-тың кәсіби әлеуетін арттыруға, аудит жүргізу тәсілдерінің бірізділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудиттің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға бағытталды.